ҚҰФ: дәрі-дәрмектер туралы шындық

ҚҰФ құрастыруға отындық мамандармен бірге Европа және Жаңа Зеландияның тәжірибелі фармакологтары тартылды. Отандық және шетелдік сарапшылардың бірауыздан айтқан пікірі бойынша, ҚҰФ - бұл дәрілік заттарды ұтымды пайдалану және, дәрілік заттарды тиімді, ұтымды сатып алу есебінен бір мезгілде, бюджеттік қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беретін бірегей жоба болып табылады.

«Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр» келесідей өршіл мақсаттары бар: тек жаңа білім қорларымен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар барлық формулярлық жүйені нығайтуға және тек дәлелденген тиімділігі бар дәрілік заттарды пайдалануға мүмкіндік беретін алғашқы формуляр. «ҚҰФ қазіргі таңда Орталық Азия, және бәлкім, бүкіл әлем бойынша дәлелді ақпараттың жетекші көзі болып табылады»,- деп формулярлардың ең үздік әлемдік үлгісі ретінде танылған, Британдық ұлттық дәрілік формулярының экс- директоры Дункан Энрайт санайды.

ҚҰФ құрылымы ДДСҰ АТХ жіктелуі бойынша құрастырылған. Препарат туралы барлық қажетті деректер бір бетте орналастырылған. Ұлттық формуляр тек дәрігерлерге ғана емес, сонымен қатар жалпы халық үшін онлайн тәртіпте www.knf.kz сайтында мемлекеттік және орыс тілінде қолжетімді.

 

    

  • docx  КНФ каз  
       Просмотр    (64 Kb)
Жарияланған күні: 30-05-2017  
Осы бөлімде:

 

басшы блогы

Епенова Жапырак Кенесхановна
Орталық басшысы

Веб-сайтта директордың блогы бар. Мұнда келушілердің сұрақтарын оқуға немесе өз сұрағыңызды қоюға болады.

Блогқа өту »»»