Қабылдау бөлімі

Кез келген перзентхана қабылдау бөлімшеден басталады. Дәл осында жүкті әйел толғақпен немесе жүктіліктің асқынуымен келеді. Перзентханаға келетін болашақтағы ананы ең бірінші кезекші дәрігер немесе акушерка қарсы алады. Қабылдайтын бөлімше, бір-бірінен оқшауланған үш қабылдап қарау палаталардан тұрады. Палаталардың әрқайсысында тексеру үшін, кушеткасы бар сынақ бөлме орналасқан. Мұнда болашақ ананы акушер-гинеколог дәрігері қарап тексереді,ал акушерка медициналық құжаттаманы ресімдейді. Содан кейін, оның тексеру нәтижесіне байланысты перзентхана бөлімшелерініңбіріне:босандыру бөлімшесіне,операциялық бөлімшесіне,жүкті әйелдер патология бөлімшесіне немесе гинекологиялық бөлімшесінежөнелтіледі.

Жаңа босанған әйел, босанатын әйел және жүкті әйелстационарға түскен кезде, өзімен бірге болуы тиіс:

• жеке басты куәландыратын құжат;

• жүкті әйелдің айырбастау картасы;

• медициналық ұйымнан диагнозын көрсете отырып,госпитализацияға арналған жолдама;

• әйелдер жедел жәрдеммен келіп түскен жағдайда - жедел медициналық жәрдем станциясынан жолдама парағы

• ауыстыратын киім-кешек, аяқ киім, (халат, іш көйлек, жеке гигиена құралдары, шәркей, босануға келіп түскен кезде жаялықтар, жаңа туылған нәрестенің киімі).

• перзентханаға жатуға келер алдында зергерлік әшекейлерді үйде қалдырыңыз. Қолдағы тырнақтың ұзындығына басты назар аударыңыз(бөбекті тырнып алуыңыз ғажап емес!) Саусақтарыныңыздан лактыалып тастаңыз,сәндік косметикамен пайдаланбаған жөн.

• дәрігерүшін маңыздысы, сіздің ерні мен тырнақтыңбоялмағаныболар еді: олардың табиғи түсі бойынша босанушы әйелдің жағдайы бағаланады.

Орталықта ДДҰ ұсынысы бойынша, үйдің төсегін және іш киімдерінің пайдалануырұқсат етіледі. Орталық ДДҰ-ның "Қауіпсіз аналық", "Антенаталдікүтім", "Емшекпен қоректендіру"принциптері мен ұсынымдары бойынша жұмыс істейді.

Әріптестік босану кезінде серіктестеріне қатысу үшін қажет:

• жеке басты куәландыратын құжат;

• ауыстыратын ыңғайлы киім, аяқ киім.

1) Онко-патология қауіп-қатер тобына жататын науқастарға-жатыр миомасы,анабез кистасы,жатыр мойны полипі, эндометрийдің гиперпластикасы консультативті, диагностикалық, емдік-профилактикалық көмек көрсету.

2) Жатырішілік «Мирена» жүйесін контрацептивті мақсатпен (босанудан кейінгі кезеңде, жатыр миомасында) және емдік мақсатпен (эндометрийдегі гиперпластикалық процессте, жатыр эндометриозында, жатыр миомасында) енгізу.

3) Гениталий аурулары бойынша операцияға алынған науқастарға реабилитация жүргізу.

4) Жатыр мойны патологиясын диагностикалау және емдеу

Колькоскопия жүргізу

Жатыр мойны биопсиясын алу

5) Генитальды эндометриозбен ауыратын науқастарға ем жүргізу

6) Вульва мен қынап патологиясы бар науқастарды бақылау және ем жүргізу:вульва мен қынаптағы жаңа түзілістер (папиллома,бартолина безі кистасы,қынап кистасы,крауроз және сыртқы жыныс мүшелері лейкоплакиясы)

Отбасын жоспарлау кабинетінде әйелдерді контрацепция және жүктілікті ерте кезеңдң және 12 аптаға дейін медикаментозды және хирургиялық жоллмен үзу сұрақтары бойынша қабылдайды.

Эндометрийдің вакуумды аспирациясы операциясы,жатырішілік контрацептивті енгізу және алып тастау жүргізіледі.

Аборттан кейінгі контрацепция таңдау және бақылау.

Босанудан кейінгі кезеңде контрацепция таңдау және консультация жүргізу.

Консультативті-диагностикалық блокқа келген жасөспірім қыздарды анонимді қарау.

Контрацепция сұрағы бойынша кез келген әйелге консультация жүргізу.

Отбасын жоспарлау кабинетіндегі дәрігер- Мукажанова Гульнара Каратаевна.

Контрацепция сұрақтары бойынша консультация жүргізеді, отбасын жоспарлау туралы, қауіпсіз жүктілікті үзу туралы қабылдау жүргізеді; отбасын жоспарлау және заманауи контрацепция туралы ақпаратты-түсіндіру жұмыстар жүргізеді.

 

 

 

 

Джумахатова Алия Муратовна - бөлім меңгерушісі, акушер-гинеколог, жоғары санатты – акушер-гинеколог, еңбек өтілі – 19 жыл


 

Кумпейсова Жазира Сагынтаевна - акушер гинеколог дәрігері, Екінші біліктілік санатты – акушер-гинеколог, еңбек өтілі -7 жыл

 

Ашимова Айгерим Тахировна - акушер гинеколог дәрігері, еңбек өтілі -7 жыл

 
 

Карлыбаева Мереке Бердисовна - акушер гинеколог дәрігері, Екінші біліктілік санатты – акушер-гинеколог, еңбек өтілі -7 жыл

 
 

Авезова  Шолпан Яхшибаевна- Қабылдау бөлімінің аға акушеркасы,  еңбек өтілі - 33 жыл , жоғары санатты – акушер