Босанғаннан кейінгі «Ана мен бала» бөлімшесі

Босанғаннан кейінгі «Ана мен бала» бөлімшесі 80 төсек-орынға арналған.

Бөлімше міндеттері:

1. Босанғаннан кейінгі кезеңде жоғары біліктілік медициналық көмек көрсету.
2. Ана сүтімен тамақтандыруды насихаттау.
3. Аналарды температуралық режиммен таныстыру және уақтылы көмекке жүгіну.
4. Аналарға үй жағдайында дұрыс күтім жасау, емшек сүтімен тамақтандыруды және санитарлық нормалардың сақталуын үйрету.

Бөлімше қазіргі заманғы барлық талаптарын ескере отырып, босанғаннан кейінгі кезеңін жүргізеді.

Бөлімшеде әрбір босанған әйелге мамандандырылған көмек көрсетуге мүмкіндік беретін жоғарғы дәрежедегі мамандар жұмыс істейді.

Әйел өздігінен босануын ескере отырып, орта шамамен 2 тәулік жатады.

Кесір тілігінен кейін әйел орта шамамен 3-ші тәулікте үйіне шығарылады.

Бөлімшеде жатқан кезінде, нәрестенің туылғанына 3 тәулік болғанда, міндетті түрде өкшесінен қан алынады, оның үлгісі арнайы тест-қағазына жағылып, одан әрі ол туа біткен гипотиреоз және фенилкетонурияға зерттеу үшін зертханаға жіберіледі.

Қандай да бір күдік болған кезде нәрестенің ата-аналарына шұғыл хабарлама жөнелтіліп, олар кейіннен Орталықтың медициналық-генетикалық кеңес алу үшін жібереді.

Егер диагнозы расталмаса, онда ата-аналарға хабарламаны жіберу қарастырылмаған.

Бір, екі, үш, төрт орынды палаталардың жабдықталуы: нәрестеге күтім жасау үшін жөргектеу үстелі, баланың заттарына арналған тумбамен.

Бөлімшеде бір реттік шығын материалдар ғана пайдаланылады.

Асханаларда титан бар, онда тәулік бойы ыстық су болады.

Босанғаннан кейінгі бөлімшеде егу бөлмесі жұмыс істейді, бүкіл Орталықтың нәрестелерінің егілуін қамтамасыз етеді.

Фотографтар жұмыс істейді.

 

 

 

 

Мамбетбаева Гүлшат Жанагулқызы  – Босанудан кейінгі «Ана мен бала» бөлімшесінің бөлім меңгерушісі.Бірінші санатты дәрігер акушер-гинеколог.  
Диханова Назгүл Ерсаинқызы - Бірінші санатты дәрігер акушер-гинеколог. Жұмыс өтілі 16 жыл
Урунбасарова Талшын Рыскалиқызы- «Ана мен бала» нәрестелер бөлімінің бөлім меңгерушісі. Бірінші санатты дәрігер неонатолог. Жұмыс өтілі 28 жыл  
Алиакбарова Светлана Алайдарқызы – Босанудан кейінгі «Ана мен бала» бөлімшесінің акушер-гинеколог дәрігері. Жұмыс өтілі 30 жыл.  
Мадумарова Аширгул Абдыкаал - акушер-гинеколог дәрігері. 
Бердісүгірова Шолпан Ідірісқызы- акушер-гинеколог дәрігері. Жұмыс өтілі 1 жыл.  
Есбосинова Маншук Султанмуратқызы - «Ана мен бала» нәрестелер бөлімшесінің дәрігер неонатолог. Жұмыс өтілі 12 жыл.
Кұлжарасова Гүлнара Мектепбайқызы - «Ана мен бала» нәрестелер бөлімшесінің дәрігер неонатолог. Жұмыс өтілі 20 жыл.   
Худайбергенова Джузимгуль Калдыбаевна   – Дәрігер терапевт. Жұмыс өтілі 1 жыл