30 төсектік нәрестелердің интенсивтік терапия палатасымен 2-саты жетілдіру бөлімшесі

Бөлімше 30 төсек-орынға есептелген. Барлық төсек-орындар шала туған нәрестелерге анасының қасында болуына, бұл барлық емдек іс-шараларын өткізу кезінде және нәрестені алғашқы талап етуі бойынша емізуге анасына мүмкіндік береді.

Бөлімшенің басты міндеті біздің Орталықта дүниеге келген және басқа да облыс босандыру мекемелерінен ауыстырылған нәрестелерге, оның ішінде дене салмағы төмен және өте төмен шала туған нәрестелерге жоғары білікті неонатологиялық көмек көрсету болып табылады.

Бөлімшеге келесі патологиямен түседі және күтім жасалады:

- шала туылған нәрестелерге;

- респираторлық бұзылыстарында;

- орталық жүйке жүйесінің және басқа да ағзалардың зақымдануы;

- ұрықтың құрсақ ішіндегі гипотрофиясы және даму кідірісі;

- кешенді зерттеуді және арнаулы медициналық күтімді қажет ететін туа біткен ақаулар;

- тұқым қуалайтын зат алмасу бұзылысында;

- гипербилирубинэмияда;

- жаңа туылған нәрестенің гемолитикалық ауруында;

- құрсақ ішіндегі инфекция, ерте неонаталді инфекция;

- басқа постнаталдық бейімдеудің бұзылу себептерінен.

Шала туған нәрестелерді күтуді бөлімшесінде заманауи әдістері кеңінен қолданылады: «ұяда» күту,құрсақ ішіндегідей ұрықтың қалыптасуына, "кенгуру" әдісі –анамен баланың "терімен теріге " күнделікті жақын контактта болуы сақталады. Бөлімшеде шала туған нәрестелерге медициналық көмектің ізгілендіру принципін ұстанады, (жарықтан және дыбыстан қорғау, температуралық жайлылықты, медициналық араласуды барынша азайту), емдік инвазиялық манипуляцияларды азайту.

Бөлімше жоғары медициналық көмек көрсету үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған, онда жоғарғы және бірінші біліктілік санатты мамандар қызмет етеді.

Бұдан басқа бөлімше, жоғары технологиялық көмек көрсетуге мұқтаж нәрестелерге, кеңес алу үшін Республикалық ғылыми орталықтарға жіберуді жүзеге асырады.

Бөлімшенің негізгі мақсаты – шала туған нәрестелердің сырқаттанған кезінде мүгедектік қаупін азайту, реанимациялық көмекті алғаннан кейін толыққанды оңалту.

 

 

 

Джумағанбетова Тойдық Сұлтанбайқызы – 2-кезең нәрестелер күтімі бөлімшесінің бөлім меңгерушісі. Дәрігер неонатолог. Жұмыс өтілімі 24 жыл  
Керімова Гүлбеніз - Жоғары дәрежелі аға медбике