Жаңалықтар

Биылғы үшінші​ ​ҮШЕМ!!!

iconiconicon

Соңғы жылдары үшемдердің дүниеге келуі қалыпты құбылысқа айнала бастаған секілді. Орталықта жыл басынан бері 6000-нан астам шарананың кіндігі кесілді. Олардың ​ 114-і егіз, ​ 3-і-үшем.​ 

Ақтау қаласының тұрғыны, 26 жастағы жас ана үшемдерді дүниеге әкелді. Жүктіліктің 32-аптасында дүниеге келген нәрестелер, өңірдегі ​ сегіз ай ішінде жарық дүние есігін ашқан ​ үшінші үшемдер. Салмақтары​ 1430,0 гр,​ ​ 1640,0 гр және 1,480 гр​ болып туылған сәбилер ​ 2023 жылғы тамыз айының 11 -де дүниеге келді.​ ​ ​ ​ ​ Нәрестелерді емдеп жетілдірудің 2-ші сатысы бөлімшесінде ем қабылдап, салмақ қосып, жағдайлары тұрақталып, анасымен бірге бүгін үйге шығарылды.
Балапандардың әкесі әскери қызметкер, бүлдіршіндіріне Айша, Абзал, Ағзам​ есімдерін берген. Бүгін ел тыныштығын күзету, Отан қорғауды ​ қасиетті борышы, киелі ісім деп білетін ​ әкесі мен оның ұжымдастары барлық  сән-салтанатымен сәбилерді үйлеріне шығарып алды.
Дүниеге үшем келіп, өрісі кеңейген отбасының қуанышы ұзағынан болсын! Үшемдер ​ ұлтымыздың бетке ұстар тұлғаларына айналуына тілекшіміз!


Жарияланған күні: 14-09-2023  
Толығырақ

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 60 жылдығы аясында «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ мамандарының қатысуымен қайырымдылық медициналық акциясы өткізіледі

icon

Жарияланған күні: 08-09-2023  
Толығырақ

Перинатальдық орталық ​ISO 37001 «Парақорлықпен ​ күрес менеджменті жүйесі» халықаралық ​ сертификаттау аудитінен ​сәтті​ өтті

Қазіргі таңда еліміздегі квазимемлекеттік субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау жүйесін ұйымдастыруда және комплаенстің тиімді жүйесін құруда ең алдымен Халықаралық стандарттау ұйымы әзірлеген ISO 37001 «Парақорлықпен ​ күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандарты демеу болуда.

​Стандарт ISO 37001 - ұйымдарда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін енгізу, қолдау және жақсарту жөніндегі егжей-тегжейлі талаптар мен ұсыныстардың жиынтығы. Мұнда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің барлық негізгі элементтері мен ​ егжей-тегжейлі нұсқаулықтар бар. Стандарттағы әдістер сыбайлас жемқорлықтың кез-келген түрімен тиімді күресуге мүмкіндік береді. Мұнда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесі толықтай айқындалған және ұйымның корпоративтік мәдениетін жақсартуға бағытталған шаралар мен бақылау рәсімдерінің ​ тізбесі ​ қамтылған.

Біздің орталықта ​ ISO 37001 стандарты негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін құрудың әзірлігі 2022 жылдың аяғында басталды. Ең алдымен, қолданыстағы басқару жүйесі талданды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бекітілді. Ұйымның тәуекелдеріне қатысты құжаттамалар дайындалды, рәсімдер, саясат, нұсқаулықтар әзірленді, ішкі аудит жүргізіліп, Комплаенс жүйесі сертификаттық аудиттен сәтті өтті. ​

Облыстағы емдеу-сауықтыру мекемелерінің арасында алғашқы болып ISO 37001-2016 халықаралық стандартының сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқару жүйесін енгізу қызметіміздегі тәуекелдерді барынша азайтуға және олардың ашықтығының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Департамент Агентства по противодействию коррупции МО
Гулажар Бакытжанова
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі / Антикоррупционная служба РК 

Жарияланған күні: 08-09-2023  
Толығырақ

АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ шақырамыз!

iconicon

Құрметті ХАНЫМДАР!
Сіздер үшін 2023 жылдың 09 қыркүйек күні ​ АШЫҚ​ ЕСІК КҮНІН өткізеді!
Білікті мамандар Сіздерді мазалаған сұрақтар бойынша тегін кеңес береді!
​Өтетін жері: Ақтау 34 ш/а, Облыстық перинаталдық орталық, емхана бөлімі.
Өтетін уақыты:​ 09.00-ден 13.00-ге дейін

1. Жүкті әйелдерге кеңес беру (жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдегі асқынударды болдырмау, отбасын жоспарлау, репродуктивтік денсаулық сақтау..):​ Кушкинова Дарья Сайлауовна – жоғары санатты акушер-гинеколог;
2. Гинекологиялық​ көмек беру:​ Жакиев Нұрлан Сагидуллаевич – эндоскопия және реконструктивті гинекология бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты акушер-гинеколог, ​ эндоскопист​ хирург;
3. Сәбилерде туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларды ерте анықтау:  Жусупова Нұргүл Саламатқызы - медициналық генетика бөлімінің меңгерушісі, генетик дәрігер;
4. Жаңа туған сәбилердің күтімі, қоректендіру: Өтемісова Назымгүл Датқызы – катамнез кабинетінің неонатолог дәрігері.
Алдын-ала жазылу, сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін, келесі телефондар арқылы жүргізіледі:
Емхананың тіркеу бөлімі – Кармысова С. 30-59-18, 87759208063
Акушер-гинекологиялық кеңес алу үшін – 87024132529 Заида Максутовна Джансупова – аға медбике;
Жаңа туған нәрестелерге қатысты кеңес беру – 8702 4597580​
Айкешова Айнур
Генетик дәрігерден кеңес алу үшін – 8702 7948365​ Абдикаликова Слушаш 

Жарияланған күні: 06-09-2023  
Толығырақ

Маңғыстауда биылғы екінші ҮШЕМ Білім күні үйге шығарылды!!

iconiconicon

Ақтау қаласының тұрғыны Тұрсыновтар отбасында ​ Үшемдер дүниеге келді. 9 жыл күткен қуанышты сәтте ата-анасы бірден үшем болады деп ойламаса керек. Салмақтары ​ 1,500 гр,​ ​ 1,400 гр және 850.0 гр. болып дүниеге келген сәбилердің біреуінде туа біткен жүрек ақауы (ашық артериялық түтік-ААТ) анықталып, 63-ші тәулікте сәбиге  Ақтөбе облыстық «Ана мен бала» орталығының бөлім меңгерушісі, кардиохирург дәрігер ​ Досмаганбетов Ануар Сагидуллаевич ​ лигирование отасын сәтті жасады. Нәрестелер реанимациясы мен қарқынды терапия және ​ ​ нәрестелерді емдеп жетілдірудің 2-ші сатысы бөлімшесінде жан-жақты зерделеніп, толықтай ем алып, жағдайлары тұрақталып, бүгін, 69-шы тәулікте, ​ аналарымен бірге аман-сау үйге шығарылды. Ата-әжелері немерелеріне ​ Мансур, Расул, Айару деген есімдер ​ берген. 34 жастағы үшемнің анасы сәбилеріне өмір сыйлаған ақ халаттыларға шын ризашылығын білдірді. ​ ​ ​

​Орталық атынан Тұрсыновтар отбасын көптен күткен қуанышымен құттықтаймыз, ал сәбилерге шын жүректен мықты денсаулық тілейміз! 


Жарияланған күні: 01-09-2023  
Толығырақ

МЕКТЕПКЕ ЖОЛ

iconiconicon

Жарияланған күні: 28-08-2023  
Толығырақ

АҚТАУДА АЛЫП БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

iconicon

Осыдан бір апта бұрын Мұнайлы ауданының тұрғыны, 3 баланың анасы ​ Облыстық перинатальдық орталығында, салмағы 6 кг 880 гр сәбиді ​ дүниеге әкелді! Нәресте – отбасындағы төртінші ​ бала.​Салмағы ірі болған соң, дәрігерлер анасына кесарь тілігі арқылы ота жасады.
Бұл – биыл өңірде дүние есігін ашқан алғашқы алып бала. Дәрігерлер мұндай жағдайдың ерекше екенін айтады. Өйткені, осындай ауыр салмақтағы нәрестелердің дүниеге келуі өте ​ сирек жағдай. ​ Тіл-көзден қорыққан анасы  қуанышты хабарымен бөліскенмен, аты жөнін, суретін жария етпеуді сұрады. ​
Бүгін, 2023 жылғы 22 тамыз күні батыр бала да, оның анасы да өздерін жақсы сезінгендіктен, дәрігерлердің кеңесімен, салмағы 6 кг 280 гр болып, қалыпты жағдайда, ​ үйлеріне шығарылды.
Алып салмақпен туылған сәбилер ​ ерекше күтімді, салмақты қадағалауды қажет етеді. ​ ​ Медицинада нәрестенің салмағы 4 келіден асса, «ірі» ал, 5 келіден жоғары болса, «алып» болып ​ саналады. Суреттер интернет жүйесінен алынды.. 

Жарияланған күні: 22-08-2023  
Толығырақ

ЖЕТЕКШІ ДӘРІГЕР ПЕРИНАТАЛЬДЫҚ ОРТАЛЫҚТА

iconiconicon

2023 жылғы 22 тамызда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас неонатологы, Астана медицина университетінің неонатология кафедрасының меңгерушісі, «Қазақстандағы акушер-гинекологтар мен неонатологтар» ҚҚ президенті, ұлттық сарапшы, медицина магистрі, ​ БЕКТҰРҒАН ​ ТЫНЫМБАЙҰЛЫ ​ КАРИН Облыстық перинатальдық орталығында болып, нәрестелерді жетілдірудің 2-ші сатысы және жаңа туған нәрестелер реанимациясы мен қарқынды терапия бөлімшесінің​ жұмысымен танысты.

Жұмыстарының негізгі қағидаты - әрбір кішкентай пациенттің өмірін, денсаулығын және болашақта өмір сүру сапасын сақтау болып табылатын осы бөлімшелер​ заманауи емдік-диагностикалық жабдықтармен, дәрілік препараттармен жарақталған. Дәрігерлер де ең күрделі неонатологиялық міндеттерді шешуде мол тәжірибесі бар мамандар. ​ Бөлімшелердің жабдықталуы тәулік бойы сәбидің дене температурасына мониторинг жүргізуге, сатурация жүргізуге, инфузорлардың көмегімен инфузиялық терапияны жүргізуге, кувезде шала туған нәрестелерді күтуге, оттегі ​ ағынын реттеу мен оксигенотерапия жүргізуге, фототерапия жүргізуге мүмкіндік береді.

Жетекші маман бөлімше дәрігерлерімен кездесіп, бірқатар сәбилерді қарап, емдеуге бағытталған іс-шараларына қосымша кеңестер беріп, олардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. ​
Сонымен қатар, Бектұрған Тынымбайұлы неонаталдық кезеңдегі патологиялық жағдайларды емдеуді, респираторлық терапия,​ ​ терапиялық гипотермия жүргізуді, парентеральдық қоректендіруді, ​ нәрестелерге қарқынды, сүйемелдеуші және демеуші терапия жүргізуді, вакцинациялауды клиникалық хаттамалар мен стандарттарға сәйкестілігі бойынша бірқатар ақпараттар беріп, бөлімше дәрігерлерінің жұмыстарына сәттілік тіледі.

Айта кететіні, 2023 жылғы 21 тамыз күні «Ұлттық акушер-гинекологтар Қауымдастығының» ұйымдастыруымен өткен «Отбасы денсаулығы Қазақстанның болашағы» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас неонатологы Б.Т.Карин конфеденциальдық аудит өткізіп, тәжірибелік дәрігерлерге клиникалық ұсыныстар жасаған болатын. 


Жарияланған күні: 22-08-2023  
Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ​ КАСПИЙ ФОРУМЫ

iconiconicon

Облыстық перинатальдық орталығында ашылған  анестезиолог-реаниматологтардың ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КАСПИЙ ФОРУМЫ аясында, ​ онлайн/офлайн, тікелей эфир режимінде, еліміздің жетекші мамандары, сонымен қатар, Словакия, Лондон.Солтүстік Батыс Англия, Bangkok. Thailand мемлекеттерінен ​ мамандар маңызды тақырыптармен баяндама жасады.

Атап айтқанда, «Қазақстан анестезиолог-реаниматологтары Қоғамының» төрағасы, медицина ғылымының докторы, профессор Жумадилов А.Ш «Акушерлік сепсис», ОРИТ жағдайындағы хирургиялық және терапиялық пациенттерде тромбоздың алдын-алу бағыты бойынша С.Асфендияров атындағы КазМУ ішкі ауруларды басқару кафедрасының меңгерушісі, Европалық кардиологтар Қоғамының тромбоз мәселесі бойынша жұмыс тобының мүшесі, медицина ғылымының кандидаты Сугралиев А.Б. анестезия және қарқынды терапия бойынша кеңесші ​Игнатов Данчо (Лондон.Солтүстік Батыс Англия ​ NHS TRUST Питерборо және Хантингдон) «Сепсис және септикалық шокты басқару бойынша халықаралық кеңестер» тақырыбында, НКЦЭМ сарапшысы​ Мусин Е.Ш. «Реанимация жағдайындағы пациенттерді ​ тамақтандыру. Эксперт кеңесі», ​ СНГ елдеріндегі​ наркоз-тыныс алу аппараттары бойынша жетекші кеңесші Папулак Ян​ (Хирана, Стара-Тура қ, Словакия) «Көпдеңгейлі ​ вентиляция​ бағдарламасы-PMLV. Принциптері мен тәжірибелік маңыздылығы» туралы, Анестезиологтар Департаменті мүшесі (Bangkok. Thailand) ​ ​ Prasert Sawasdiwipachal ​ «TCI-ді басқаруды жаңа деңгейге көтеру» тақырыбында, Ресей мемлекеті, Томск кардиологиялық ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі, медицина ғылымының кандидаты Н.О. Каменщиков «Аортокоронарлық шинт қоюда миокардты қорғау», Астана қаласы, «Axcent medical KME» бренд менеджері С.А.Раймбекова, даму  менеджері Асанова А. «Sedaconda қолданғандағы нгаляциялық седация» тақырыбында баяндама жасады.

Конференция барысында дәрігерлер​ анестезиолог-реаниматология саласының ​ күрделі және көптеген өзекті мәселелерін талқылады.


Жарияланған күні: 22-08-2023  
Толығырақ

Анестезиолог-реаниматологтардың ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КАСПИЙ ФОРУМЫ ашылды

iconiconicon

Жарияланған күні: 22-08-2023  
Толығырақ

Отбасы денсаулығы Қазақстанның болашағы

iconiconicon

Жарияланған күні: 21-08-2023  
Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ АШЫЛДЫ

iconiconicon

Жарияланған күні: 21-08-2023  
Толығырақ

Тұрғындар және аниматорлар мен музыка иелерінің ҚАПЕРІНЕ

iconicon

Жарияланған күні: 18-08-2023  
Толығырақ

ШЕБЕРЛІК ​ КЛАССТАР ​ басталды

iconiconicon

Жарияланған күні: 18-08-2023  
Толығырақ

Ультрадыбыстық зерттеме ​ (УДЗ) ​ ​ конференциясы ​ ашылды!

iconiconicon

Жарияланған күні: 17-08-2023  
Толығырақ

ЖЕТЕКШІ ХИРУРГТАР қатарында - НҰРЛАН САҒИДУЛЛАҰЛЫ ЖАКИЕВ

iconiconicon

Жарияланған күні: 15-08-2023  
Толығырақ

ЕРЕКШЕ ЖАҢАЛЫҚ!!!

iconiconicon

Жарияланған күні: 10-08-2023  
Толығырақ

Ақтау қаласының тұрғындары назарына

icon

Жарияланған күні: 09-08-2023  
Толығырақ

АНА СҮТІ – ТАБИҒИ ҚОРЕК

iconiconicon

Жарияланған күні: 03-08-2023  
Толығырақ

АПТАЛЫҚ өтуде..

iconiconicon

Жарияланған күні: 02-08-2023  
Толығырақ

Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы «Балаларға мейірімді аурухана» мәртебесінде 2 жыл!!!

iconiconicon

Жарияланған күні: 01-08-2023  
Толығырақ

ШЫН ЖҮРЕКТЕН...

iconiconicon

2023 жылғы 28 шілде күні ​ Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылының тұрғыны, жалғыз басты ана ЕСЕТОВА ГАУХАР орталықтағы шала туған нәрестелерге ​тез сауығып шықсын деген тілекпен, өз қолымен таза жүннен тоқыған киімдерін табыс етті.

⚜️ Шала туған сәбилер үшін жүннен дайындалған тоқыма бұйымдар аса пайдалы. Мерзімінен бұрын дүниеге келген сәбилердің тыныс алу орталығы әлсіз, организмі толық жетілмегендіктен басы, ​ аяғы мен қолдарының ұшында қан айналымы баяу, әлсіз болады және олар ұзағырақ ұйықтауға бейім болады. Ал тоқыма киімнің ​ түгі сәбидің денесін тітіркендіреді, нәресте үнемі​ қозғалысқа бейімделіп тұрады. Бұл денені жылытуға, қанайналымды жақсартуға ​ үлкен әсер етеді. Көбінесе бас киім, шұлық және кеудеше пайдаланылады. ​

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️

Орталық  ​ атынан қайырымдылық жасаған


Жарияланған күні: 31-07-2023  
Толығырақ

МАҢЫЗДЫ ​ ДӘРІС!

iconiconicon

✅️ 2023 жылғы 11 шілде күні Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы​ бойынша департаментінің ​ превенция басқармасының бас маманы Нұргүл Мұқатай медицина қызметкерлерімен ​ семинар ​ өткізді. Дәріске ​ орталық директоры Ж.К.Епенова, ​ дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлері ​ қатысты.
✅️ Департамент өкілі​ сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының  ережелері мен талаптары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау жолдары жөнінде толыққанды ақпараттар берді.
✔️Семинар барысында ​ тақырыптық буклеттер,  слайдтар мен ​ әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.✅️ 

Жарияланған күні: 11-07-2023  
Толығырақ

Азаматтарды жеке қабылдау

icon

Жарияланған күні: 10-07-2023  
Толығырақ

 

басшы блогы

Епенова Жапырак Кенесхановна
Орталық басшысы

Веб-сайтта директордың блогы бар. Мұнда келушілердің сұрақтарын оқуға немесе өз сұрағыңызды қоюға болады.

Блогқа өту »»»