Жауап:
Құрметті Назым! Сіз, осы және басқа да мазалаған сұрақтармен, тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша, өзіңіз тіркелген емханадағы акушер-гинеколог дәрігерден кеңес алуыңыз қажет.
Жауап:
Саламатсыз ба А.Куанышова! Орталық директоры Ж.К.Епенова әр аптаның сәрсенбі күні, сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін тұрғындарға жеке қабылдау жүргізеді. Сіздің де өз сұрағыңыз бойынша кеңес алуға мүмкіндігіңіз бар.
Салеметсізбе!
Мен бұрын екірет кесер тілі арқлы бала тудым,2014 жане 2016-жылы содан
арада 7 жылдан кеиын жұктімын 35апта болды ,мендегі сурақ мен өзым
табиғй жолмен босана аламба?
Құрметті Гүлдана! Сіз
босануға келгенде стационарда толықтай тексерістен өтесіз.
Денсаулығыңызды, жалпы жағдайыңызды бағалау арқылы, Сізге кесарь тілігін
жасау туралы шешімді дәрігерлер консилиумы шығарады.
Сәлеметсіз? мен қазыр жүктіліктің 37 апасындамын, симфизит 14мм ашылған, өзім босана алам ба?
Саламатсыз ба Үміт Жәйнат! Симфизит кесар тілігі үшін сөзсіз себеп емес. Табиғи босану бірінші дәрежеде, яғни сәйкессіздік 10 мм-ден аспайтын кезде мүмкін болады. Сізді дәрігеріңіз босануға жолдаған кезде, стационар деңгейінде қосымша тексерулер жүргізіледі. Кесарь тілігін нақты жасалуын перзентханадағы дәрігерлер консилиумы шешеді.
Саламатсызба!
Сурайын дегеним менде симфизит 1см .Травматолог кесаревомен босануга
жиберип жатыр?озин босану кауипти одан самые ашылып кету мамкин
дит..казир 37апа.Куйымшагым жаман аурады.коп отырсам, турсам, журсем
енди аурады, Бир аягым уйып кала береди.Сол енди Озим босана алам ба?
Саламатсыз ба Асел! Симфизит кесар тілігі үшін сөзсіз себеп емес. Табиғи босану бірінші дәрежеде, яғни сәйкессіздік 10 мм-ден аспайтын кезде мүмкін болады. Сізді дәрігеріңіз босануға жолдаған кезде, стационар деңгейінде қосымша тексерулер жүргізіледі. Кесарь тілігін нақты жасалуын перзентханадағы дәрігерлер консилиумы шешеді.
Салеметсизбе
Апа. Мен биринши баламды 2018де кесрвамен босандым. Екиншимди 34 те Ана
мен балада 2022жыл Майдан 28инде кесип алды. Енди тагы котерип
койганмын кызым 8айлык ишимдеги 9апта гинеколог врачтар алдыр деп еди
кутим кажет деп Актауга 3жерге бардым алган жок. Сизден сурайын дегеним
алдырайынба алде босанганым жаксы ма кауипти емеспа.
Саламатсыз
ба Гүлназ! Жүктілікті үзу немесе жалғастыру мәселесін, мекен- жайыңыз
бойынша тіркелген емханадағы өзіңіз бақылауда тұрған акушер-
гинеколог дәрігеріне қаралып шешуіңіз қажет.
Здравствуйте. Я учусь в КазНМУ им С.Д.Асфендиярова на 1 курсе неонатологии. То есть резидент-неонатолог. Данный момент прохожу практику в городе Тараз. Хотела спросить можно ли взять у вас ходатайство и пройти резидентуру, такие рассматриваются в вашем центре? Можно ли пройти практику, и обучаться у вас, у ваших врачей в отделение ОРИТН.
Қазірге таңда орталықта неонатолог мамандар жеткілікті.
Сейчас наш Центр обеспечен врачами неонатологами.
Сәлеметсіз бе? Мен бірінші қызымды 2021 жылы 29 аптасында дүниеге алып
келгенмін. Аллаға шүкір қазіргі уақытта қасымда. Екіншісін 2022і де
көтеріп 6аптасында түсік болды. Содан кейін 4айдан кейін көтіріп қойдым.
Қазір аяғым ауыр 18апта. Екі шабым ауырады аяғымды бастырмай қойды.
Узиге түссем Симфизит 1ші степень деп берді 0.61см. Симфизит неден
болады? Оның ұлғайып кетпеуі үшін нестеуге болады. Және ол 1см ге
жеткенде операциямен босандырады деген рас ба? Баланың аптасына қарамай?
Саламатсыз ба Әсел! Сізді мазалаған сұрақтарға қысқаша жауаптар береміз:
Симфизит неден болады? Симфизит –жамбас сүйектерінің патологиясы. Көбінесе ол жүктілік кезінде пайда болады. Осы кезеңде әйелдің денесі прогестерон мен релаксин синтезін арттыру арқылы босануға дайындала бастайды. Бұл гормондардың әсерінен симфиз аймағындағы тіндер (шеміршек қосылысы) жұмсарады, бұл олардың босаңсуын тудырады.Симфизит диагнозы гинекологиялық тексеру, жамбас буынының ультрадыбыстық зерттеуі, жамбас сүйектерінің рентгені және биохимиялық қан анализінің көмегімен қойылады.
Ешбір жағдайда 5 килограмнан асатын салмақты көтермеу керек. Бұдан артық шектеулер жоқ.
Және ол 1см ге жеткенде операциямен босандырады деген рас ба?
Симфизит кесар тілігі үшін сөзсіз себеп емес. Табиғи босану бірінші дәрежеде, сәйкессіздік 10 мм-ден аспайтын кезде мүмкін болады. Сізді дәрігеріңіз босануға жолдаған кезде стационарда қосымша тексерулер жүргізіледі. Кесарь тілігін нақты жасалуын перзентханадағы дәрігерлер консилиумы шешеді.
Сәлеметсіз бе!Мен 1ші баламды многоводие болғандықтан кесір тілігімен
босанғам..Енді қазір аяғым ауыр 36 апта аралары 1 жарым жыл өзім табиғи
жолмен туа аламынба?Анализ барлығы жақсы балам төмен түсіп тұр дейді
басымен Аралары 1 жарым жыл аман есен босанған әйелдер болды ма?
Саламатсыз ба Жансезім! Сіз
босануға келгенде стационарда толықтай тексерістен өтесіз.
Денсаулығыңызды, жалпы жағдайыңызды бағалау арқылы, Сізге кесарь тілігін
жасау туралы шешімді дәрігерлер консилиумы шығарады.
Менде 5 жүктілік 2 кесір тілігі болған 1) 2019 жылы 21 шілдеде
2 кесер тілігі 2021 жылы 22 акпанда қазір менде 3 жүктілік өзім
босанғым келеді бірақ мүмкіндік барма соны білгім келеді денсаулығым
жақсы деп жатыр дәрігерлер бірақ тігіс белім басым ауырады және жүріп
келсем астым солқылдап бала шығып кететіндей ауырады басқа ешқандай
шағым жоқ босана алсам өзім босансам деп едым тәуекелдеп көрсем болама
жауап берсеңіз өтініш
Құрметті Акерке! Сізде осыған дейін 2 кесарь тілігі болғандықтан, кезекті босану жолы стационардағы дәрігерлер консилиумының шешімімен, жоспарлы түрде, кесарь тілігі арқылы жүзеге асырылады.
Саламатсызба. Менде 34 апта симфизит 9 мм. 37 неделяда Кесеровоға келісіммен жасатуға бола ма?
Құрметті Гүльзат! Осыған дейін, 21.07.2022 ж. 25 апталық жүктілікте де симфизитке қатысты сұрақ қойған болатынсыз.
Жамбас сүйегінің патологиясы симфизит - кесар тілігін жасауға сөзсіз көрсеткіш емес. Қазір хат аумағында шешіп айту қиын. Сізді әйелдер консультациясындағы дәрігеріңіз босануға жолдаған кезде стационарда қосымша тексерулер жүргізіледі. Кесарь тілігін нақты жасалуын перзентханадағы дәрігерлер консилиумы шешеді.
Салеметсызбе.
1шімде варикоз 4 5айында шыккан. Енды 2шім 15 апта 2шімде көтергеннен
бастап варикоздар шығып кетты аяктарымда куыгыма және женский жагыма дау
дау болып. 9 айға дейін озым босана аламынба. Сол уайым болып жүр.
Жауабын айтыңызшы варикозга кандай ем кабылдасам болады?)
Құрметті Аружан!
Жүктілік кезінде пайда болатын варикозды веналар болашақ ананың денсаулығына қиындықтар туғызуы мүмкін. Оған жүктілік кезіндегі гормондық өзгерістер, жатыр қысымы, салмақтың артуы да әсер етеді.
Сізге, ең алдымен, ангиохирург маманның кеңесін алуыңыз және УЗДГ (тамырлардың ультрадыбыстық допплеографиясы) зерттемесінен өтуіңіз керек. Сонымен қатар, өзіңіз тіркелген емхана дәрігерінен күнделікті аяқты сығып тұратын шұлықтарды таңдау және арнайы жаттығуларды жасау бойынша кеңес алу қажеттілігін қаперіңізге беремін.
Салеметсіз бе Сол жақ яичникте киста және аденомиоз 1степени деп берді
УЗИ. Осы диагнозбен сіздің ауруханада емдеу жасай ма және
гинекологтармен жолыға алам ба
Құрметті
Нұржамал! Өзіңіз тіркелген мекен-жайыңыз бойынша дәрігердің
жолдамасымен, біздің орталықтың эндоскопия және реконструктивтік
гинекология бөлімінен кеңес және ем алуыңызға болады.
Сәлеметсізбе мен 3 рет кесір тілігімен босандым. 2021.01.15 соңғы кс мен
ұлымды босандым сақтанып жүргенмін соның өзінде жақында тағы көтеріппін
1-2 апта. Енді 4 кс болуға рұқсат беріледіма. Денсаулығым жақсы
давление ісік деген болған емес қан мөлшерімде норма.34 Ана мен бала
орталығында босандым 4 кг болды ұлым. Ана мен бала орталығынада
алғысымды білдіргім келеді дәрігерлері де медбикелерде өте қарапайым
жандар. Ісіне адал.
Қазір хат аумағында анық кесіп айту қиын. Бұл әдіс негізінен әйелдерге жүктілік және босану кезеңінде туған қиындықтарда жәрдем көрсету үшін және әйелдің табиғи жолмен босана алмайтындығына көз жеткізілген кезде ғана қолданылады. Алайда, жатырға екі және одан көп тілік түскен жағдайда, босанар кезінде түрлі асқынулар болуы мүмкін. Ал, жүктілік мәселесін шешу өз қалауыңыз.
Менын жасым 30да 4 баланын анасымын уш рет операция жолымен босанганмын казыр кышкентайым алты айлык жане жукты болып калыппын енді не істеймын ? Дарімен тусіруге болама алде калай маган комектесыныздершы жауап кутемын. Жулдыз Жултаева
Сәлеметсіз Жұлдыз! Тұрғылықты ауруханаңыздағы участкелік акушер-гинеколог дәрігерге жолығыңыз.
Саламатсыз ба. Менин сурагым бар еди. Менин етеккирим марттын аягында келуи керек еди. Бирак бир ай отти али келмеди тест алип тексерип карадым еки сызык. Енди баланын иштеги канша апта немесе каншай екенин калай биле аламын. Озимнин тургылыкты жердеги поликлиникама барип каралип сураимын ба. Худайкулова Арайлым Асылбековна
Сәлеметсіз Арайлым Асылбековна! Тұрғылықты участкелік гинеколог дәрігерге қаралып, тіркеуге тұрыңыз.
Сәлеметсіз Тамара! Тұрғылықты участкелік гинеколог дәрігерге тіркеуге тұрып, денсаулығыңыз еш сыр білдірмесе табиғи жолмен босануыңызға болады.
Қанат Сәлеметсізбе! Сіздің өтінішіңіз қабылданып, жалпы хатыңыз ескерілді. Операциядан кейін хилак-форте беру қажеттілігі жоқ. Босанғаннан кейін УЗИ тек көрсеткіштері болған жағдайда жасалады.
Сізге және Сіздің отбасыңызға табыс, зор денсаулық, барлық жақсылықты тілейміз. Жылы лебізіңізге рақмет.
Сәлеметсізбе! Нәрестенің сарысы басылып, анализдері жақсы көрсеткіш көрсеткенде шығарылуы тиіс. Нақты тәулік емес, науқас нәрестенің денсаулығы жақсарғанға дейін ем алуы керек.
Сәлеметсіз! Облыстық перинаталдық орталықта босануға көмек көрсетіледі. Жүрек УЗИ+Доплер аппараты арнайы мамандары бар медициналық мекемелерде болады, сондықтан сол аппараттары бар басқа емханаларға тексерілуге жіберіледі. Жүкті әйелдер өзінің участкелік емханаларында осы тексерістерден тегін өте алады.
Сәлеметсізбе Жанар!
Кеңес алу үшін Сіз дәрігерді өз еркіңізбен таңдауыңыз
жөн. Жоспарлап кесір тілігімен босану үшін біздің облыстық орталықтағы
дәрігерлердің көмегіне жүгінуіңізге болады.
Салеметсиз Жұлдыз! Өзіңіз жазып отырғандай диагнозыңызды білесіз. Біздің облыстық перинаталдық орталықта Жедел және Реконструктивті гинекология бөлімшесінде Н.Жакиев, Б.Ишанғали дәрігерлері Сіздің диагнозыңызға лапраскопиялық ота жасап, бала көтеру бақытын сыйлауы әбден мүмкін. Толық ақпаратты мына сілтемелерден қараңыз:
http://mopc.kz/ru/novosti/?title=1-aya_distantsionnaya_konferentsiya_po_endohirurgii_379
http://mopc.kz/ru/otdeleniya/otdelenie_operativnoi_ginekologii
Сәләметсіз бе Жадыра! Сіздің жағдайыңызда 2-ші жүктілік кезіндегі анамнезіңізге байланысты. Алдын ала болжап айту қиын
Сәлеметсізбе! Сіздің өзіңіз босануыңызға болады. Сұрақ толық ашылмаған, сұрағыңыз түсініксіз.
басшы блогы
Веб-сайтта директордың блогы бар. Мұнда келушілердің сұрақтарын оқуға немесе өз сұрағыңызды қоюға болады.