Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық перинаталдық орталығы»
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының медицина қызметкерлеріні
этикалық кодексі
1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Берілген Кодекстың нормасы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық перинаталдық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медицина қызметкерлеріне (одан әрі - Орталық), яғни атқаратын лауазымы мен құрылымдық бөлімшелеріне қарамастан барлық дәрігерлері мен орта буынды медицина қызметкеріне арналған.
Этикалық кодекс медициналық қызметкердің кәсіби қызметіне қоғамда дәрігерлік және мейірбикелік кәсіптің мәртебесі мен беделін арттыруға, Қазақстан Республикасында дәрігерлік машық пен мейірбике ісінің дамуына айқын өнегелі бағдар береді.
Кодекс ережелері медициналық қызмет көрсету тәртібі көрсетілген құқықтық нормаларымен, медициналық стандартпен, клиникалық ұсыныстармен және де басқа нормативтік актілермен өзара байланыста қарастырылуы қажет. Дегенмен кәсіби міндеттерін орындаудың этикалық тәртіп мәселесі осы Кодекс арқылы шешіледі.
2.МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕР ЖӘНЕ ЕМДЕЛУШІ
2.1.Медициналық қызметкер және емделушінің сапалы көмек алуға құқығы
Медициналық қызметкер әрбір адамның тартып алынбайтын құқықтарын құрметтеп, олардың сапалы медициналық көмек алуларына қол ұшын тигізулері қажет.
Медициналық қызметкер емделушіге адамгершілік қағидасы мен кәсіби стандарттарға сай сапалы медициналық қызмет көрсетуге міндетті.
Орталықтың қызметкеріне емделушілер, әріптестері мен қоғам алдында өз қызметі үшін моральдық жауапкершілік жүктеледі. Медициналық қызметкердің кәсібі және этикалық міндеті өзінің қызмет бабына сай медициналық қызмет көрсетуді қажет етуші кез- келген адамға шұғыл көмек көрсету.
2.2 Медициналық қызметкердің негізгі шарты-кәсіби шеберлігі
Өзінің кәсіби білімі мен шеберлігін үздіксіз ұштастыру, өз мәдени деңгейін көтеру медициналық қызметкердің ең басты кәсіби борышы.
Әрбір медицина қызметкері емделушінің моральдық және заңды құқықтарын жете білулері керек.
2.3 Емделушіге адамгершілікпен қарау, оның заңды құқықтарын құрметтеу
Медициналық қызметкер ең алдымен емделушінің өміріне аяушылықпен қарап, өзінің медициналық білім деңгейіне сай оның жан азабын жеңілдетуге міндетті.
Медициналық қызметкердің адамдарды қорлауға, жазалауға қатысуға және оларға басқа да мейірімсіздік көрсетуге, науқастың өзіне – өзі қол жұмсауына мүмкіндік туғызуға құқығы жоқ.
2.4.Емделушінің адамгершілік ар – намысын құрметтеу
Орталықтың медициналық қызметкері емделушінің жасы мен жынысына, сырқатына, ұлты мен нәсіліне, діні мен саяси сеніміне, әлеуметтік немесе материалдық жағдайына және т.б. қарамастан оларға тиісті медициналық көмек көрсетуге үнемі дайын болуы қажет.
Емделушілерге көкірек көрсетіп, елемеушілік танытуға, оларды кемсітуге рұқсат етілмейді.
Медициналық қызметкер емделушісіне өзінің моральдық, діни нанымдары мен сенімдерін мезі қылуға құқығы жоқ.Бірнеше емделушіге медициналық көмек көрсетуге қажет болған жағдайда медициналық қызметкер оларды алаламай тек қана медициналық критерийларды басшылыққа алады.
2.5.Бәрінен бұрын - кесіріңді тигізбе
Медициналық қызметкер медицинаның ежелден келе жаткан «Бәрінен бұрын - кесіріңді тигізбе» деген өсиетін бұзуға құқығы жоқ. Кез-келген жанға батарлықтай медициналық уақытша көмекке тек қажет кезінде ғана рұқсат беріледі. «Дәрі – аурудан ашырақ болмау керек!»
Медициналық қызметкер тәуекелге бел буып, медициналық көмек көрсетер кезде оның емделуші өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін асқынулардың болмауын алдын - алуға міндетті.
2.6.Емделушінің мәлемет алуға құқығы
Медициналық қызметкер адал және шыншыл болуы шарт. Ол емделушінің денсаулығының жағдайы туралы, жасалып жаткан емнің қауіптілігі мен пайдалылығы туралы, нақтамалар мен болжамдар туралы мәлімет алу құқығын құрметтеуге міндетті.
Науқыстың хал – жағдайы туралы оның туыстарына мәлімет беру тек дәрігердің міндеті екенін ескеріп, орта буын мейірбике ондай мәліметті емдеуші дәрігердің келісімі бойынша беруге құқығы бар, егер ол мейірбике сол науқасқа медициналық көмек көрсету тобының мүшесі болса ғана. Ал басқа жағдайда, медициналық қызметкердің емделушіге оған қатты әсер ететіндей мәлімет беруге құқығы жоқ.
2.7.Емделушінің медициналық ем алуға келісу және одан бас тарту құқығы
Медициналық қызметкер емделушінің немесе оның заңды өкілінің (қажет болмаған жағдайда) медициналық шара қолдануға келісу немесе одан бас тарту құқығын қадір тұтуға міндетті.
Медициналық қызметкер емделушінің келісімін не қарсылығын өз еркімен және саналы турде бергеніне сенімді болуы шарт. Медициналық қызметкердің моральдық және кәсіби борышы өз біліктілігіне сай емделушіге медициналық ем – шаралардан бас тартудың зардабын, әсерін түсіндіру.
Емделушінің ем алудан бас тартуы – оның жағдайы мен медициналық қызметкер арасына қатысты болмауы қажет. Медициналық қызметкер науқастың рұқсатынсыз (немесе өзіне - өз билігі жоқ емделушілердің заңды өкілдерінің келісімінсіз - 15жасқа дейінгі балалар мен есі ауысқандар) ҚР заңдылықтарына сәйкес қана көмек көрсетуге құқылы.
2.8.Кәсіби құпияны сақтау міндеттілігі
Медициналық қызметкер кәсіби міндеттерін орындау кезінде белгілі болған науқастың денсаулығы туралы мәліметтерді; оның нақтамасын, алып жатқан емін, ауру туралы болжамдарды, сонымен қатар науқас бақилық болып кеткен жағдайда оның жеке өмірі туралы үшінші бір адамға таратпай, құпия сақтауы қажет. Медициналық қызметкер науқас туралы құпия мәліметтерді сақтау бойынша өз міндетін бұлжытпай орындауға міндетті.
Медициналық қызметкер науқас туралы құпия мәліметтерді тек қана сол науқастың келісімі бойынша ғана үшінші бір адамға хабарлауға (айтуға) құқылы.Науқасқа медициналық көмек көрсететін басқа мамандар мен медициналық қызметкерлерге мәлімет беру науқастың келісімі арқылы ғана іске асырылады.
Медициналық қызметкер заңға сәйкес қана науқастың келісімінсіз құпия мәліметтер бере алады. Мұндай жағдайда ол туралы, яғни құпия мәліметтерді беру қажеттігі туралы науқасты ескерту керек. Ал, басқа жағдайда медициналық қызметкер кәсіби құпияларды таратқаны үшін моральдық, кейде заң жүзінде жауапқа тартылады.
2.9. Медициналық қызметкер және өлім аузындағы науқас
Медициналық қызметкер өлім аузында жаткан науқасқа адамгершілікпен қарап, күтім жасауы қажет.
Медициналық қызметкердің ең басты моральдық және кәсіби міндеттері – жан тапсыру кезінде науқастың қиналысын болдырмау немесе оны жеңілдету, өлім аузында жатқан науқасқа оның отбасына психологиялық қолдау көрсету. Эфтаназияға, яғни өтініші бойынша іске асырылса да, оған жол бермейді.
3.ӨЗ КӘСІБІНЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ
Медициналық қызметкер өз кәсібінің абыройы мен беделін биік ұстау керек.Жеке басының гигиенасы ережелерін ұстау, таза жүру – әр қызметкердің жекеленген борышы болып табылады.
Медициналық қызметкердің құқығы мен борышы - өзінің моральдық, экономикалық және кәсіби тәуелсіздігін қорғау. Медициналық қызметкер екеуінің де адамгершілігіне шек келтірмейтін болса әділдік пен парасаттылық қағидаларына қайшы келмесе және құқықтық нормалар бұзылмаса, емделушіден алғыс алуына болады. Емделушімен жыныстық қатынаста болу – медициналық этикамен айыпталады.
4. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕР ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР
Медициналық қызметкер өзара қатынаста шыншыл, әділ және парасатты болып, әріптестерінің білімі мен тәжірибесін, олардың емдеу үрдісіндегі үлесін ардақтап, құрмет тұтулары қажет. Әріптесінің беделін түсіру жолымен өз атағын шығару - дәрігерлік этикаға жат қылық.
Дәрігер мен орта буын медициналық қызметкердің өзара қатынасындағы дөрекілік, әдепсіз қылықтар медициналық этикамен айыпталады. Егер орта буын медициналық қызметкер емдік ұсынымдарының орынсыздығына күмән келтірсе, ол бұл жайтты әуелі сол дәрігермен талқылайды. Егер сол күмәнінен арылмаса, кейін жоғары тұрған басшылыққа жүгінуі қажет.
5. МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
5.1. Қоғам алдындағы жауапкершілік
Медициналық қоғамдастыққа мүше ретінде әрбір медициналық қызметкердің моральдық борышы тұрғындарға жоғары сапалы медициналық қызмет көрсету. Орталықтың әрбір медициналық қызметкері тұрғындарға мемлекеттік, муниципалдық және жеке денсаулық сақтау жүйелерімен өзара қатынаста дұрыс жол табуға көмектесетін медико – санитарлық ағарту, ақпараттау жұмыстарына белсенді қатысуы тиіс. Өзі дайындаған жарнаманы жариялау медициналық этикаға сай келмейді.
Медициналық қызметкердің өмір деңгейі оның кәсібінің мәртебесіне сәйкес болуы шарт. Хал – жағдайы мүшкіл емделушілерге ақысыз еңбекке этика тарапынан сәйкес болуы қажет.
Медициналық қызметкер өзінің атақ – абыройын қорғауға (егер оның атына «кір» келтірілсе); кәсіби дайындығына сәйкес уақытын біліктілік санатын алуға; кәсіби міндеттеріне немқұрайлы қараудан басқа кәсіби қателіктерден сақтану үшін шара қолдануға; денсаулығына байланысты өзінің кәсіби міндеттерін орындауға мүмкіндігі болмаған кезде қайта кәсіби даярлықтан өтуге; медицина қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қаралған жеңілдіктерді уақытында алу үшін толыққанды көмек алуға құқығы бар.
6. ТҰРҒЫНДАРҒА МЕДИКО-САНИТАРЛЫҚ АҒАРТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСУ
Медициналық қоғамдастыққа мүше ретінде әрбір медициналық қызметкердің моральдық борышы - тұрғындарды сапалы және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етудің қамын ойлау.
Медициналық қызметкер тұрғындардарға мемлекеттік,муниципалдық және жеке меншік денсаулық сақтау жүйелері арасынан дұрыс жол табуға көмектесетін медико-санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізуге белсенді қатысуы қажет.
Медициналық қызметкер өзінің мәртібесіне сай түрлі ауруларға қарсы әдістер қарастыруға және оны іске асыруға, олардың экономикалық қауіптілігі туралы емделушілерді, өкімет орындары мн қоғамды алдын –ала ескертуге қатысуға, қорғау қызметін ұйымдастыру ісіне өз үлесін қосуға тиіс.
7. «МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ЭТИКАЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ» ӘРЕКЕТІ, ОНЫҢ БҰЗЫЛУЫНА ЖАУАПКЕРШІЛІК
7.1. «Этикалық заңнама» әрекеті
Осы заңнама талаптары орталықтың барлық медициналық қызметкеріне тиісті.
7.2. «Этикалық заңнаманың» бұзылуына жауапкершілік
Заңнама нормаларын бұзғандарға төмендегі шаралар қолданылуы мүмкін:
. Ескерту;
. Атқаратын кәсіби қызметіне толық сай еместігі туралы алдын-ала ескерту:
. Жұмыстан босату.
ШЖҚ ОПО МКК маманы Л.И.Баталова
Блог руководителя
Епенова Жапырак Кенесхановна