Кәсіпорынның қызметінің мәні халыққа мамандандырылған және жоғары мамандандырылған акушерлік, гинекологиялық және неонатологиялық қызметтердің көрсету, ақысыз кепілді көлемді сала шеңберінде медициналық көмекті екіқабат әйелдерге, босанатын әйелдерге, жаңа босанған және босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдерге, соның ішінде ауыр паталогиямен босанған әйелдерге, жаңа туылған нәрестелер мен гинекологиялық ауруы бар науқастарға жеткілікті және дер кезінде мамандандырылған және жоғары мамандандырылған дәрігерлік жәрдем көрсету болып табылады;
Кәсіпорынның қызметінің мақсаты бар жүйесін мүмкіндігін пайдалану арқылы перинаталды көмекті тиімді пайдалану және сапаны жақсарту; аналық өлім – жітімді болдырмау; перинаталды өлім мен гинекология ауру-сырқауды және өлімді төмендету; тәжірибе жұмысы кезінде қазіргі заманғы диагностикалық және жүкті мен босанған әйелдердің аурулары және гинекологиялық ауру науқастарды емдеу технологияларын енгізу; халықты мұқтажын қанағаттандыру және медициналық көмектің сапасын жақсарту.
Кәсіпорын қойылған мақсатына жету үшін келесі қызмет түрлерін жасайды:
1) аяғы ауыр әйелдермен гинекологиялық науқас әйелдерге, оның ішінде ауыр акушерлік- гинекологиялық анамнездің, экстрагениталдық патологияның, босану және жүктілікті жүргізудің қолайлы тәсілін таңдап қазіргі заманғы медициналық технологияны қолдану арқылы амбулаторлық кеңес-диагностикалық көмек көрсету; медициналық көмек көрсету деңгейін сақтауын бақылауды жүзеге асыру және дер кезінде госпитализациялау; босанған кейінгі қажетті сауықтыру; лабораториялық зерттеулер (жалпы клиникалық, биохимиялық, бактериологиялық, иммунды - ферментті, цитологиялық зерттеулер) рентгенологиялық, функционалдық (ультра-дыбыс зерттеу, электрокардиография); медициналық реабилитология, қалпына келтiру;
2) жоғарғы тәуекел тобындағы әйелдерге стационарлық акушер–гинекологиялық көмек көрсету, оның ішінде ауыр ағыстағы жүктілік, репродукция жүйесінің аурулары, экстрагениталдық патологиялар, жүктілік және босану кезінде, босанғаннан кейінгі кезеңде стационарлық акушер–гинекологиялық көмек көрсету; жүктілікті көтере алмаушылыққа кешенді ем көрсету;
3) шала туылған нәрестелерге қарқынды терапиямен және реанимациялық көмек көрсету, оның ішінде қазіргі заманғы қағидасына сай өте төмен салмақпен туылған нәрестелерге жоғары сапалы емдік–қорғау режимін сақтау арқылы көмек көрсету; шала туылған, салмағы аз және ауру нәрестелерге сауығып емделуіне күтім жасау; туылған кезеңінен бастап нәрестелерге өмірге бейімделуіне барынша жайлы жағдайларды жасау;
4) әр түрлі перинатал патологиясына шалдыққан нәрестелерге жоғары мамандандырылған медициналық жәрдем көрсету; Неонатальдық хирургияны дамыту: кеуде клеткасының органдарының, көкiрек қуысы, асқазандық-iшектi тракты, несеп жүйесi, орталық жүйке жүйесi, денедегі тiрек-қимыл аппараты туа бiткен ауытқуларын диагностикалау және хирургиялық жолмен емдеу; жаңа туылған нәрестелерге жоғары технологиялық дәрiгерлiк жәрдемдi қолдану; динамикалық бақылау жүргiзу және балаларды стационардан шығарғаннан кейiн емдеу; перинатал патологиясының кейінгі зардаптарына профилактика жүргiзу;
5) репродукция функциясымен және гинекологиялық ауруларды емдеу мақсатында әр түрлі гинекологиялық патологиямен ауыратын науқастарды лапароскопиялық және гистероскопиялық жабдығын қолдануымен жоғары мамандандырылған дәрiгерлiк жәрдемдi көрсету;
6) медициналық- генетикалық кеңес беру: дәрігерлік кеңес және зерттеу; тәннің дамуының кемістіктерін анықтау үшін пренаталдық диагностика жүргізу және жүктіліктің жүргізуді, босану мерзiмнiң белгілеу және босанудың тәсiлiн анықтау;
7) тасымалдау кезінде шұғыл жәрдем көрсету, медициналық сүйемелдеп алып жүру; санавиациясы линиясы бойымен облыстың түкпір аудандарынан ауыр жағдайдағы жүкті әйелдермен мен жаңа туған нәрестелерге кеңестік көмек көрсету және перинаталдық орталыққа тасымалдау;
8) кеңестік-практикалық көмек көрсету, сонымен бірге (реанимациялық, акушерлiк-гинекологиялық, неонаталдық бригада) телекоммуникациялық ақпаратты-аналитикалық жүйені пайдаланумен аймақтарға шығады.
9) алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелері мен облыстың перзентханаларына (бөлiмшелерге) ұйымдастыру-әдiстемелiк көмек көрсету; перинатальдық көмектің маңызды сұрақтары бойынша дәрiгерлер мен орта медициналық қызметкерлердің кәсiби дайындықтарын жоғарылату;
10) акушерия, гинекология, перинатологияның маңызды сұрақтары бойынша семинарлар, конференциялар, мәжiлiстер ұйымдастыру және жүргiзу, сонымен аймақтарда мастер-класс өткізу; отбасын жоспарлау сұрақтары бойынша халыққа кеңес беру;
11) акушерлік-гинекологиялық пен неонатологиялық емдеу және диагностика хаттамалары мен алгоритмдерді құрастыруға қатысу және оларды практикаға енгізу;
12) облыс және кәсіпорын бойынша акушерия, гинекология және неонатологияның негізгі көрсеткіштерінің мәліметтерін жинау және статистикалық анализ жүргізу;
13) уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізу, жүкті және босануы, гинекологиялық науқастарға еңбекке жарамсыздық парағын беру, еңбек ету қабілетінен айырылған науқастарға медициналық-әлеуметтік сараптамаға бағыттау;
14) республикалық денсаулық қорғау мекемелері, әйелдер кеңестерi және облыстың басқа емдеу мекемелерімен "керi байланыс" қағидасы бойынша науқастарды бақылау жүргізу және дер кезінде госпитализациялау мақсатында ақпараттармен алмасу;
15) мемлекеттiк органдарымен, денсаулық қорғау мекемелерімен, меншiк түрлерiне қарамастан басқа да денсаулық қорғау мекемелерімен, тағы басқа денсаулық сақтаудың ұйымдарымен, медициналық-әлеуметтiк сараптама мекемелерімен және өнеркәсiптiк, оқу, сауда, ауылшаруашылық мекемелерімен азаматтардың денсаулығын сақтау сұрақтары бойынша, ғылыми-медициналық, техникалық және ақпаратпен қамтамасыз ету бағытында өз құзыретiнде өзара iс-әрекет ету;
16) акушерия, гинекология, неонаталогиялық көмек көрсетудің сапасына сараптама жүргізу; эр түрлі патологиямен туған нәрестелерді емдеу және реабилитация нәтижелері туралы мәліметтерді жүйелеу;
17) әйелдерге медицина-психологиялық көмекті жүзеге асыру;
18) перинатальдық көмек, репродукция және қауiпсiз ана болу жайындағы халыққа арналған қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету;
19) санитарлық–ағарту жұмысын, оның ішінде жыныс жолмен берілетін аурулардың алдын алу туралы жұмысты жүргізу;
20) ақылы медициналық қызметтің көрсету, оның тізімінің көбейту;
21) кадрлар таңдау және орналастыру, мекеме аттестациясын мамандар мен басқа да қызметкерлердің медициналық біліктілігін жоғарылатуды ұйымдастыру және жүргізу, өнікті еңбек үшін жағдайлар жасау (жұмыс орындарын компьютерлендіру және т.б) және қызметкерлердің демалысы, қызметкерлер еңбегінің нәтижесін есептеу және бақылау, қызметкерлердің әлеуметтік қорғау мәселелерін шешу;.
22) халықаралық және медициналық республикалық ғылыми–зерттеу бағдарламаларын өткізуге қатысу;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тағайындалған тәртіпте көрсетілген дәрігерлік көмектің және дәрігерлік емес қызметтің қосымша түрлерін көрсету.
басшы блогы
Епенова Жапырак Кенесхановна